Павлодардың орталықтандырылған

КІТАПХАНАЛЫҚ

ЖҮЙЕСІ

Русский

Байланыс
телефоны
(7182) 53-38-80

Павлодар қаласының ОКЖ

П.Васильев ат. орталық қалалық кітапхана

ОКЖ қоры

Электронды каталог бойынша іздеу

«Рәміздер - елдігімнің белгісі» атты әдеби-музыкалық композиция

Күн: 13.10.2017


5 маусымда № 15 көпшілік кітапханасында № 14 мектептің жазғы лагерь оқушылары арасында «Рәміздер - елдігімнің белгісі» атты әдеби-музыкалық композиция өткізілді.

Шара жүргізушісі Эленора Альбертовна Михель келген оқушыларға Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері - Тудың, Әнұранның, Елтаңбаның шығу тарихына тоқталып өтті. 1992 жылдың 4 маусымы – ел тарихында ерекше мәртебелі күн. Республика Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Елтаңбасын бекітті. Мемлекеттік тәуелсіздігіміздің қасиетті белгісі ретінде көтерген қыран қанатты туымыздың негізгі түрі көгілдір. Бұл түске ертеден терең мағына берілген. Ол өмір сүру, жасару, мұратқа жету деген ұғыммен төркіндес.

Барлығы қосылып Әнұранды шырқады. Отан, туған жер туралы викторинаға қатысты. «Рәміздер - елдігімнің белгісі» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Шараға 22 бала қатысты.

GEDC0124.th.jpg GEDC0118.th.jpg GEDC0132.th.jpg

Ауа-райы болжамы

Жаңа кітаптар

... Толығырақ >>

Жаңалықтар мұрағаты
Басты бетке көшу
Всего просмотров: 1646920
Просмотров сегодня: 1773