Павлодардың орталықтандырылған

КІТАПХАНАЛЫҚ

ЖҮЙЕСІ

Русский

Байланыс
телефоны
(7182) 53-38-80

Павлодар қаласының ОКЖ

П.Васильев ат. орталық қалалық кітапхана

ОКЖ қоры

Электронды каталог бойынша іздеу

Кінәсіз жазалау халық жадынан кетпейді

Күн: 12.10.2017


30 мамырда ұлттық әдебиеттер кітапханасының қызметкерлері «Қарттар мен мүгедектер үйінде» тұратындарға саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын еске алу күніне арналған тарих сағатын өткізді.

Шараны жүргізген кітапханашылар Людмила Андреевна Лавриненко мен Айтжамал Қайырбекқызы Қабылденова жиналғандар алдында осы саяси мереке туралы әңгімеледі. ХХ ғасырдың 30-40 жылдары және 50 жылдардың басында болған жаппай саяси қуғын-сүргін елді ауыр азапқа салды. Мыңдаған адам жазықсыз жапа шегіп, жер аударылды, қамауға алынды, атылды. Олардың ішінде түрлі мамандық иелері, ақындар мен жазушылар, өнер адамдары болды.

Осы жылдарда Қазақстанға басқа жерлерден қаншама адам жер айдарылды. Олар мыңдаған корейлер, түріктер, ирандықтар, курдтар, әзербайжандар, шешендер мен немістер және басқа ұлт өкілдері.

Ауыртпалығы мол сол жылдардың куәгерлері мүлде азайып қалды. Олар өткенді ұмытпауды және болашақты бағалауды өсиет етеді. Жастардың тарихты білуімен бірге азаматтық сезімінің асқақ болуы да маңызды. Ел қанша өркендесе де, адамзаттың басынан кешкен азабы еш уақытта да ұмытылмайды.

Іс-шара кітап көрмесіне шолумен, «Қазақстандағы сталиндік қуғын-сүргін» слайд-презентациясын және «Карлаг», «Бір халық. Бір ел. Бір тағдыр», «Алжир» бейнероликтерін көрумен аяқталды. 20 адам қатысты.

IMG_6295.th.jpg IMG_6302.th.jpg IMG_6298.th.jpg

Ауа-райы болжамы

Жаңа кітаптар

... Толығырақ >>

Жаңалықтар мұрағаты
Басты бетке көшу
Всего просмотров: 1577006
Просмотров сегодня: 1833