Павлодардың орталықтандырылған

КІТАПХАНАЛЫҚ

ЖҮЙЕСІ

Русский

Байланыс
телефоны
(7182) 53-38-80

Павлодар қаласының ОКЖ

П.Васильев ат. орталық қалалық кітапхана

ОКЖ қоры

Электронды каталог бойынша іздеу

«Дені саудың - жаны сау» атты денсаулық сағаты

Күн: 11.10.2017


15 маусым күні ұлттық әдебиеттер кітапханасында оқырмандар мен жұмыскерлерге арналған «Дені саудың - жаны сау» атты салауатты өмір салтын қолдау мен қалыптастыруға арналған денсаулық сағаты өткізілді.

Жүргізушілер Айтжамал Қайырбекқызы Қабылденова және Жанар Пазылқызы Дюсенбекова адам өмірінің бірінші байлығы - денсаулық туралы әңгіме қозғады. Оны ешқандай ақщаға сатып ала алмайсың. Денсаулық – адамның дене және рухани қабілеттерінің жиынтығы. «Ақша жоғалтсаң – ештеңе де жоғалтпағаның, уақыт жоғалтсаң – көп нәрсе жоғалтқаның, ал денсаулығыңды жоғалтсаң – бәрін де жоғалтқаның» деп халқымыз бекер айтпаса керек.

Денсаулық туралы әңгімені кітапхананың қонақтары – «Салауатты өмір салтын қолдау орталығының» қызметкері, дәрігер Гүлнара Алиасқарқызы Жүсіпова мен дәрігер-нарколог Кенжегүл Жанатқызы Байгожина жалғастырды. Кенжегүл Жанатқызы жаман әдеттер, оның адам ағзасына тигізер зияны, адамның нашаға тәуелділігі, кокаин, героин пайдалану, темекі тарту мен ішімдіктің зияны туралы айтты. Ол сұрақтарға нақты жауап бере отырып, наша атаулыдан мүлде аулақ болуға шақырды. Адам психикасына кері әсер ететін заттар туралы ролик айтылған ақыл сөзді бекіткендей болды.

Гүлнара Алиасқарқызы психотроптық заттардаң сақтануға арналған тренингтер өткізді. Кітапханашылар жастарды дұрыс жолға деген ерік-жігерін дамытуға, достарының теріс қылығын көрсе, оларды дұрыс жолға салуға, әлеуметтік белсенділікке және салауатты болашақ өмірді жасауға шақырды. Қатысушылар 15 адам.

7.th.jpg 8.th.jpg 9.th.jpg

Ауа-райы болжамы

Жаңа кітаптар

... Толығырақ >>

Жаңалықтар мұрағаты
Басты бетке көшу
Всего просмотров: 1646930
Просмотров сегодня: 1783