Павлодардың орталықтандырылған

КІТАПХАНАЛЫҚ

ЖҮЙЕСІ

Русский

Байланыс
телефоны
(7182) 53-38-80

Павлодар қаласының ОКЖ

П.Васильев ат. орталық қалалық кітапхана

ОКЖ қоры

Электронды каталог бойынша іздеу

«Астана – жаһандағы Елорда» мерекесі

Күн: 10.10.2017


5 шілдеде ұлттық әдебиеттер кітапханасының қызметкерлері «Павлодар облысының жалпы үлгідегі қарттар мен мүгедектерге мамандандырылған әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ –де тұратындарға Астана күніне арналған мерекелік шара өткізді.

Шараны жүргізген кітапханашылар Күлжазира Жолатовна Адамова мен Людмила Андреевна Лавриненко «Әлем қаласы» жоғары атағына ие болған жас астананың тарихына тоқталды. Астана шын мәнінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың стратегиялық ұстанған бағыты жетістігінің айқын көрінісі болды. Ол – Елбасы саясатының жемісі. Дәл осы Астана жаңа, тәуелсіз, жарқын болашаққа ұмтылған Қазақстанның нағыз флагманы болды. «ЭКСПО-2017» Халықаралық көрмесінің орталығы болып Астананың таңдалуы елдің прогресс пен өркендеу жолымен сенімді алға басуының куәсі болды.

Үлкен экраннан Астана туралы бейнеролик көрсетілді. Осы орталықтың вокалды тобы, әншілер Балабай Дәуітбаев пен Николай Борденко бірнеше ән орындады. Шара соңында «Астана – жаһандағы Елорда» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. 60 адам қатысты.

4.th.jpg 5.th.jpg 6.th.jpg

Ауа-райы болжамы

Жаңа кітаптар

... Толығырақ >>

Жаңалықтар мұрағаты
Басты бетке көшу
Всего просмотров: 1576992
Просмотров сегодня: 1819