Павлодардың орталықтандырылған

КІТАПХАНАЛЫҚ

ЖҮЙЕСІ

Русский

Байланыс
телефоны
(7182) 53-38-80

Павлодар қаласының ОКЖ

П.Васильев ат. орталық қалалық кітапхана

ОКЖ қоры

Электронды каталог бойынша іздеу

Рәміздер күніне арналған ойын-сайыс бағдарламасы

Күн: 09.10.2017


6 маусым күні Ұлттық әдебиеттер кітапханасының қызметкерлері № 1 мектеп жанындағы демалыс лагерінің оқушыларына Қазақстан Республикасы рәміздерінің қабылданғанына 25 жыл толуына арналған «Қазақ елінің рәміздері» байқау-ойын бағдарламасын өткізді.

Жүргізушілер А.С. Айтмағамбетова мен Ж.П. Дүйсенбаева қазақ тілінде нышандар жайлы айтып өтті. Мемлекеттік рәміздер - мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін нышандар. 1992 жылдың 4 маусымында оларға биік мәртебе беріліп, дәл осы күн – Рәміздер күні деп бекітілді.

Егеменді елдің әрбір азаматы құрметтеуге және мақтан етуге тиісті ресми рәміздер –Ту, Елтаңба, Әнұран. Тәуелсіз Қазақстан туымен тұғырлы, әнұранымен айбатты, елтаңбасымен еңселі. 25 жыл бұрын ұлттық болмысымызды айқындайтын төл рәміздеріміз дүниеге келді. Бүгінгі күні Қазақстан ашық, бейбітшілік сүйгіш ел ретінде әлемге танымал. Тәуелсіздік тұғырының тұтқасы болған еліміздің рәміздері жайлы білу – әрбір азамат пен азаматшаның міндеті. Ту, Елтаңба, Әнұран - бұлар тәуелсіздіктің айбыны ғана емес, ол аталар мұрасы, халық қазынасы.

Шара барысында балаларға «Сен мемлекеттік рәміздерді білесің бе?», «Қазақстан еліне саяхат» сайыс-ойын бағдарламасы өткізіліп, «Көк ту және достар», «Елтаңба туралы ертегі» атты мультфильмдер көрсетілді және «Мемлекеттік рәміздер – елдіктің нышаны» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қатысушылар - 53 бала.

1.th.jpg 2.th.jpg 3.th.jpg

 

Ауа-райы болжамы

Жаңа кітаптар

... Толығырақ >>

Жаңалықтар мұрағаты
Басты бетке көшу
Всего просмотров: 1646922
Просмотров сегодня: 1775