Павлодардың орталықтандырылған

КІТАПХАНАЛЫҚ

ЖҮЙЕСІ

Русский

Байланыс
телефоны
(7182) 53-38-80

Павлодар қаласының ОКЖ

П.Васильев ат. орталық қалалық кітапхана

ОКЖ қоры

Электронды каталог бойынша іздеу

«Ертегілер әлеміне саяхат» ойын бағдарламасы

Күн: 13.09.2017


21 маусымда № 8 балалар кітапханасында «Балшуақ» жасөспірімдер клубының оқушыларына кітапханаға деген қызығушылығын ояту, ертегілер және ертегі кейіпкерлерімен таныстыру мақсатымен «Сүйікті ертегілер» атты ойын бағдарламасы өткізілді. Кітапханада «Ертегілер калейдоскобы» атты кітап көрмесі дайындалды, ол көрмеде «Шалқан», «Бақа ханшайым», «Шошақай шелпек», «Су перісі», «Алпамыс», «Ақымақ қасқыр», «Қызыл телпек», «Тышқан қалай жыл басы болды?», «Жақсылық пен жамандық» және тағы басқа кітаптар көрсетілді.Кітапханашы өз әңгімесін «Ертегі деген не?», «Ертегілер бізді неге үйретеді?» деген сұрақтармен бастады. Ертегілер елінің қақпасы ашылу үшін балаларға бірнеше тосқауылдан өтуге тура келді. Олар:

1.Мыстан кемпірден өту үшін айтылған кейіпкер қай ертегіден екенін табу?

2.Жынның тапсырмасы: оқылған ертегінің атауын тап.

3.Айдаһардын тапсырмасы: ертегілер кейіпкерлерінің өзін-өзі қорғауы (Мақта қыз, Қанбақ шал,Тазша бала). Барлық тосқауылдардан балалар сүрінбей өтті. Мақта қыз бен мысық ертегісіндегі кейіпкерлерді оқушылар өздері сипаттай білді. Кішкентай көрермендер ертегілер әлеміне енгендей болды. Іс-шара кітап көрмесінің шолуымен аяқталды. Қатысқан-23 адам.

GEDC0019.th.jpg GEDC0002.th.jpg

Ауа-райы болжамы

Жаңа кітаптар

... Толығырақ >>

Жаңалықтар мұрағаты
Басты бетке көшу
Всего просмотров: 2132575
Просмотров сегодня: 2397